Жалпыұлттық коалицияның Республикалық штабының мүшелері Қордай ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

0

Жалпыұлттық коалицияның Республикалық штабының мүшелері Қордай ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Делегация құрамында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, «Respublika» партиясы облыстық филиалының төрағасы Айнұр Келимбетова, «BL Group 2030» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Лугмар Буларов, «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығының» төрағасы Зайнуддин Махусеев болды.

Жұмысша топ «Ақтас» ЖШС-ның еңбек ұжымымен жүздесті. Делегацияны серіктестік директорының орынбасары К.Афонин қарсы алды. Өндіріс алаңында өткен кездесуге 50 адам қатысты. Делегация мүшелері еңбек ұжымына жаңа Конституцияның адам құқықтарына түбегейлі бағдарланғандығын және жаңа қоғамдық келісімнің берік негізін қалыптастыруға бағытталған құжат екендігін жеткізді. Сонымен қатар наурыз айында өтетін жалпыхалықтық референдумда белсенділік танытуға шақырды. Кездесу барысында «Ақтас» ЖШС жұмысшылары да өз ойларын жеткізіп, жаңа Конституцияны қолдайтындарын тілге тиек етті. Айта кетейік, «Ақтас» ЖШС жылына 1 миллион тонна әктас және 200 мың тонна тасшағыл өндіреді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.