ҚОРДАЙ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ, ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

0

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының 2026 жылғы 12 ақпандағы № 6/10 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» сәйкес Жамбыл облысы, Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.

Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Орналасқан жері: Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 242, телефон: 8(72636)4-52-57

Комиссия төрағасы – Сырлыбаев Асылбек Туреханович;

Төрағаның орынбасары – Күмекбай Эльдар Сабитұлы;

Хатшысы – Ниязгулова Гайни Рахатовна;

Комиссия мүшелері: Дадабаева Жанат Сабитовна;

Токтогулов Ердос Омирбекович;

Балаубеков Асан Сарсенбекович;

Маженова Женискуль Нурлановна.

Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.

Қордай аудандық аумақтық референдум комиссиясы

Leave A Reply

Your email address will not be published.