20 ақпанда аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Оны Қордай аудандық мәслихатының төрағасы Нұрдин Садықов жүргізді. Депутаттардан басқа сессияға аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы қатысты.
Депутаттар Қордай аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары құрамына өзгерістер енгізу мәселелерін қарастырды, бұл туралы егжей-тегжейлі ақпаратты депутат, мәслихаттың уақытша жұмыс тобының төрағасы Қарлығаш Қыпшақбаева ұсынды.
Әрі қарай «22 желтоқсан 2025 жылғы №55-6 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Қордай аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша баяндаманы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Светлана Абдужалиева таныстырды.
Сонымен қатар, сессияда аудан әкімдігі жанындағы антитеррористік комиссия құрамына және кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының жеке құрамына өзгерістер енгізілді.