Құрметті Қордай ауданының тұрғындары!
Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Көктем-2026» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде 2026 жылғы 25 ақпаны, сағат 11.00-де аудан аумағында электр сиреналары құрылғыларын қосу арқылы «Баршаның назарына!» сигналын беру және телерадио арналарды үзіп тарату жүргізілетіндігін хабарлайды. Тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз!