2026 жылғы 18 ақпанда ҚР Орталық референдум комиссиясы «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын аумақтық референдум комиссияларының мүшелеріне оқыту-семинарын өткізді.
Жамбыл облысының аумақтық референдум комиссияларының өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мүшелері оқыту-семинарына онлайн режимде қатысты.
Оқыту-семинарының мақсаты өкілеттігін тұрақты негізде жүзеге асыратын референдум комиссиялары мүшелерінің құзыреттілігін арттыру және республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері бойынша білімдерін толықтыруға бағытталды.
Қатысушылар референдум науқандарын дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, ақпараттық-үгіт жұмыстарын, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудегі жариялылық пен құқықтық аспектілерді пысықтады.
Сондай-ақ, оқыту-семинарында референдумды қаржыландыруды ұйымдастыру және халықаралық байқау жүргізу мәселелері қарастырылды.
Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясы