Қордай аудандық орталық кітапханасының «Coworking» орталығында аудан жастарына арналған Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру мақсатындағы кездесу өтті.
Жиынның басты мақсаты – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжаттағы толықтыруларды жастар қауымына жан-жақты әрі түсінікті жеткізу, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру болды.
Кездесу барысында қатысушылар жаңа редакциядағы нормалар мен жаңашыл бастамалар төңірегінде пікір алмасып, өз сауалдарын қойды.
Шарада «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры А.Исраилова сөз сөйлеп, Конституциялық реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталды. Ол өз пікірінде жастардың қоғамдағы рөліне ерекше назар аударып, жаңа өзгерістердің жас буынның мүмкіндіктерін кеңейтуге, олардың бастамалары мен идеяларын жүзеге асыруға құқықтық негіз болатынын атап өтті.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң
#15марта
#ПоддержимКонституцию