Қарасу ауылында жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Жиын барысында округ әкімі Ж.Шернияз бен округтің ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Қиялов ауыл тұрғындарына ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды құжаттың негізгі бағыттарын жан-жақты баяндады.
Кездесуде жаңа Конституциядағы толықтырулардың мән-маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамдық келісімді сақтау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, референдумның маңыздылығы айтылып, әрбір азаматтың белсенді қатысуы ел болашағы үшін жауапты қадам екені атап өтілді.
Тұрғындар өз ой-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
#референдум
#референдум2026
#жаңаКонституция
#новаяКонституция
#АтаЗаң
#15наурыз