Ауқатты ауылындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектеп ұжымымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында арнайы жиын өткізілді.
Іс-шара барысында ауылдық округ әкімі А.Иенберген сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасында көзделген басты өзгерістер мен толықтырулардың мән-маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, Қызылсай ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Муслимов та пікір білдіріп, Ата Заңның ел болашағы үшін стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Ол конституциялық өзгерістердің қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
Шара соңында мектепте Әлихан Бөкейхан атындағы арнайы кабинет салтанатты түрде ашылды. Кабинеттің ашылу рәсімінде лентасы қиылып, жиналған қауым игі бастамаға қолдау білдірді.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң
#15марта
#ПоддержимКонституцию