кешендері жұмыс істеп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, электрондық бақылау жүйелерін дамыту және полиция бөлімшелерін цифрлық радиобайланысқа көшіру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
Жамбыл облысы Полиция департаменті Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Турдалиевтің айтуынша, цифрлық шешімдер құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға, полиция қызметкерлерінің өзара байланысын жақсартуға және оқиғаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.