Оларды жаңа ұрпақтың танымына жақындатып, заман талабына сай жаңғырта білу – уақыт жүктеген маңызды міндеттердің бірі. Бұл жолда жасанды интеллект адамзаттың технологиялық жетістігі ғана емес, тарихи жады мен мәдени мұраны келешекке жеткізудің тың құралына айналып келеді. Алайда технологияның шынайы құндылығы оның қаншалықты күрделі екенімен емес, адамзат игілігіне қаншалықты қызмет ете алатынымен өлшенсе керек. Осы тұрғыдан алғанда жасанды интеллектіні ұлттық тарихымызды танытуға, әдебиетімізді насихаттауға, мәдени құндылықтарымызды сақтауға бағыттау – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Аңыздан анимацияға: әулиеата тарихының жаңа тынысы
Қазақ халқының рухани қазынасында аңыз-әңгімелердің алатын орны айрықша. Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында қолға алынған «Әулиеата аңыздары» жобасы – сол рухани байлықты бүгінгі оқырманға жаңаша ұсынуға бағытталған бастамалардың бірі.