Жұма күні аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Бегзат Болатбековтың қатысуымен Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты кеш өтті. Мерекелік шара Қордай ауданының барша аяулы аналарын, қыз-келіншектерді құрметтеуге арналды.
Аудан басшысы нәзік жанды аруларға арнаған мерекелік сөзінде, әр әйелдің қоғамымыздағы рөлін жоғары бағалап, олардың өмірге ұрпақ әкелу мүмкіндігімен қатар, еліміздің дамуындағы үлесін ерекше атап өтті.
Аналар айрықша құрметке бөленген шара туралы газетіміздің келесі санынан толықтай оқи аласыздар.