ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕСІН ЖСН АРҚЫЛЫ ТАБУҒА БОЛАДЫ

0

2026 жылғы 15 наурыз – еліміз үшін маңызды күн. Осы орайда ел азаматтарының қолайлылығы үшін «ЖСН бойынша дауыс беру үшін өз учаскеңізді табыңыз» атты арнайы сервис ресми түрде іске қосылды.

Өз учаскеңізді келесі сілтемелер бойынша біле аласыз:

https://www.gov.kz/referendum?lang=kk

https://referendum2026.gov.kz/kk

https://referendum.gov.kz/kk

15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар өз сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталы арқылы табуына болады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәлімдеуінше, eGov Mobile мобильді қосымшасы GOV.KZ порталының басты беттерінде «Референдум» арнайы баннері орналастырылған. Осы бетте «Жиі қойылатын сұрақтар» бөліміне сілтеме қолжетімді, онда азаматтар референдумға қатысты пайдалы ақпаратты таба алады.

«Баннерге өткеннен кейін пайдаланушы сайлау учаскесін тексеру сервисіне өтеді, онда ол өзінің ЖСН-ін және өңірін көрсетуі қажет. Деректер енгізілгеннен кейін жүйе автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, өңір мен ауданды, сондай-ақ дауыс беру орнының нақты мекенжайын көрсетеді», делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.