ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ НЫШАНЫ

0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қордай ауданында ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. «Мол нәсіп» және «Сезім» мүгедектерді қолдау қоғамдық бірлестіктерінің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі қыздар, ересек топтағы әйелдер және жалғызбасты қарт аналарға арналған мерекелік концерт өтті.

Шараны ұйымдастыруға Қордай аудандық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының мамандары атсалысып, көрермендерге әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды. Өнерпаздардың әні мен биі, жүрекке жылы лебіздері мерекеге жиналған жандардың көңілін көтеріп, ерекше қуаныш сыйлады.

Мерекелік кеш барысында қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталып, әйел-аналарға құрмет көрсетілді. Мұндай шаралар қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың маңызын арттырып, адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын айқындай түседі.

Ізгі шараның өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған «Шұғыла» маркетіне, «Рахат», «Айша», «Әділ» дүкендеріне ұйымдастырушылар өз алғыстарын білдірді. Олардың көмегі мерекелік кештің жоғары деңгейде өтуіне мүмкіндік берді.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда қайырымдылық пен бірліктің нығая түсуіне септігін тигізеді деген сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.