Наурыз мерекесі қарсаңында Әлжан ана ауылының кітапханасында оқушылар арасында танымдық тренинг ұйымдастырылды. Шара барысында жас қатысушылар ұлттық құндылықтар, бірлік пен достықтың маңызы туралы пікір алмасып, түрлі тапсырмалар арқылы өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, шара соңында мәдениет үйінің ұжымы мен кітапхана қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында алдағы 15 наурыз күні өтетін маңызды қоғамдық шараның мәні мен маңызы кеңінен айтылды.
#референдум2026
#ЗаНовуюКонституцию
#АтаЗаң