Өмірбаян
Акишпаева Марал Ержанқызы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Бетқайнар ауылында дүниеге келген. Бүгінде өзі туып-өскен ауылында тұрып, туған өлкенің дамуына және жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі болып өсуіне өз үлесін қосып келеді. Білімі — жоғары . Мамандығы – құқық және экономика негіздері, қазақ тілі мен әдебиеті.
Еңбек жолын 2009 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып бастаған.
2012–2017 жылдары Қордай ауданының қаржы бөлімінде инспектор болып қызмет атқарса, 2017–2018 жылдары Қордай ауданының білім бөлімінде бас маман болып еңбек етті.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қордай ауылындағы Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді.
Сайлауалды бағдарламасы
1.ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Аудан елді мекендері арасындағы көлік қатынасын жақсартуға, қоғамдық көліктің тұрақты қатынауын қамтамасыз етуге және автомобиль жолдарын сапалы күтіп-ұстауға жәрдемдесу.
2.СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Сумен жабдықтау мәселелерін шешуді және тозығы жеткен инженерлік желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Ауылдық елді мекендерге электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру желісін кеңейту бағытында тиісті шаралар қабылдау.
- ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕ ЖӘНЕ АУЫЛ КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына жеңілдетілген несие беру аясын кеңейтуге, жеке қосалқы шаруашылықтарды, отбасылық кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығы кооперативтерін дамытуға жәрдемдесу. Аудан тұрғындары үшін мемлекеттік қолдаушараларының қолжетімділігін арттыруға қол жеткізу.
- АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Қажет болған жағдайда, ауыл тұрғындарының жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілуі, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауылшаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде олардың мүдделерін қорғау. Сондай-ақ жергілікті фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтардың өнімдерін өткізуге арналған арнайы жабдықталған сауда алаңын құруға жәрдемдесу.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Шағын бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуды қолдау. Халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға жәрдемдесу.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыруға және тұрғындарға медициналық қызметтердің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етуге ықпал ету.
- ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оқу жабдықтарын жаңартуға және балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға қол жеткізу. Мектептерге апаратын жол учаскелерінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерін жабдықтау және қажетті жол белгілерін орнату. Балалар және спорт алаңдарын дамытуға жәрдемдесу.
- ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдар, балалы отбасылар және мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге күш салу. Әлеуметтік осал азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға және аудан мекемелерінде қолжетімді орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсартуға, сондай-ақ ауданның шалғай елді мекендеріндегі қамту аясын кеңейтуге қол жеткізу. Ауылдық мекемелерді цифрландыруды және электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды қолдау.
- ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қордай ауылында, сондай-ақ ауылдың шалғай бөліктерінде орналасқан тұрғын үй кварталдарында абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару жүйесін жетілдіру, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыру.