Өмірбаян
Омар Алибек Далбайұлы,1964 жылы 19 қазанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Алға ауылында дүниеге келген.
1982-1984 Кеңес әскерінде азаматтық борышын өтеген.
1985-1990 жылдары Алматы сәулет-құрылыс институты( КазГАСА) инженер- құрылысшы мамандығын алған.
2000 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университеті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша оқып бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Қордай агропромстройда инженер болып бастаған.
1994-2003 жылдары Жамбыл облысы бойынша Кеден бекетінде инспектор, аға инспектор, бас инспектор болып қызмет атқарған.
2005 жылдан бастап жеке кәсіпкер. 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін «IZGI IS QORDAI» ЖШС басшысы.
Қордай аудандық мәслихатының VIII шақырылым депутаты болған.
Сайлауалды бағдарламасы
ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Алға ауылындағы қажет ететін жолдарын жөндеуге қол жеткізу. Қоғамдық көліктің тұрақты жүруіне және жолдардың сапалы күтіп ұсталуына ықпал ету.
СУМЕН ЖӘНЕ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ, КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Ауылдық округтің елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге, инженерлік желілерді жаңғыртуға, электр энергиясының тұрақты берілуіне және көшелерді жарықтандыруды жақсартуға ықпал ету.
ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ
Ауыл шаруашылығна арналған бағдарламаларды тиімді пайдалану.
Шағын және орта бизнесті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін мемлекеттен қарастырылған жеңілдіктердің іске асыуна ат салысу. Жаңа жұмыс орындарын ашуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және ауылға инвестиция тартуға ықпал ету. Тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіби даярлау және жастар кәсіпкерлігін қолдау бағытындағы бастамаларға жәрдемдесу.
ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Ауылдық округтің барлық ауылдарында медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, дәрігерлердің қолжетімділігін арттыруға және медициналық пункттерді қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету. Ауылдық жерлерге медицина мамандарын тартуға қолдау көрсету.
ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ
Орта мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға және білім беру мекемелеріне апаратын жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізу. Сонымен қатар ауыл жастарының спортпен, мәдениетпен және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысуына мүмкіндік беретін бастамаларды қолдау, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және жан-жақты дамуына жағдай жасау.
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ
Қарт адамдардың, көпбалалы отбасылардың және мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ету. Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, мұқтаж отбасыларға атаулы көмек көрсетуге және қоғамдық әрі әлеуметтік нысандарда кедергісіз орта қалыптастыруға жәрдемдесу.
САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ПЕН ИНТЕРНЕТ
Ауданның барлық елді мекендерін, оның ішінде шалғай ауылдарды тұрақты ұялы байланыспен және жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге ықпал ету. Ауылдық мекемелерге цифрлық технологияларды енгізуге және тұрғындар үшін электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу.
ТАЗА ӘРІ АБАТТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛДАР
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында округтің барлық елді мекендерін абаттандыруға, қоқыс жинау және шығару жүйесін жақсартуға, аумақтарды көгалдандыруға және тұрғындарға қолайлы қоғамдық орындар құруға ықпал ету.