Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтуде

0

Бүгін, 15 наурыз күні жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтуде.

Қордай ауылдық округіне қарасты №239 референдум учаскесі сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен салтанатты түрде ашылды. Алғашқы болып келген ауыл тұрғындары өз таңдауларын жасап, дауыс беріп үлгерді.

Референдум учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Учаскеде дауыс берушілер үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.