Референдум күні: Қордайда дауыс берумен қатар азық-түлік жәрмеңкелері өтті

0

Қордай ауданы бойынша әр ауылдық округте референдум учаскелері жанында арзандатылған бағамен азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Әсіресе, Қордай, Отар, Кенен және Сарыбұлақ ауылдары алдыңғы қатарда болып, кәсіпкерлер дауыс беруге келген тұрғындарға тамаша өнімдерін ұсынды.
Дауыс беріп қана қоймай, арзан бағамен азық-түлік алған азаматтардың қуанышы шексіз болды. Сонымен қатар, осындай іс-шараларды ұйымдастырып жатқан азаматтарға тұрғындар шын жүректен алғыс айтты.
Ең бастысы, тарихи таңдау жасалатын күні осындай игі шаралардың өткізілуі ерекше қуаныш сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.