Степное: №245 сайлау учаскесінде жастар белсенді

0

Степное ауылдық округіне қарасты Қалғұты ауылындағы №245 референдум учаскесіне келіп, алғаш рет дауыс берген Оручали Гасанов ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлесін қосып, өз таңдауын жасағанын айтты.
Алғаш рет осындай саяси науқанға қатысқан жас азаматқа комиссия мүшелері тарапынан арнайы сыйлықтар ұсынылды. Бұл – алғаш рет дауыс беріп отырған азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі.
Өз кезегінде ауыл тұрғыны еліміздің дамудың даңғыл жолына түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.
Жалпы, Степное ауауылдық округінеде референдум учаскесіне келушілердің қарасы қалың. Бұл – тұрғындардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенділігінің айқын дәлелі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.