Ауқатты ауылында референдумға қатысу белсенділігі жоғары

0

Ауқатты ауылындағы №475 референдум учаскесінде дауыс берушілердің нөпірі таңнан бері толастаған жоқ. Ауыл тұрғындары учаскеге келіп, өз таңдауын жасап жатты.
Осы маңызды саяси науқанға қатысқан ардагер Серік Қанатов референдумға байланысты жылы сөз айтып, ел болашағы үшін әрбір азаматтың белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Ол тұрғындарды өз пікірін ашық білдіруге шақырып, ел тағдырына бейжай қарамауға үндеді.
Ауқатты ауылындағы учаскеге келгендер арасындағы белсенділік пен қызығушылық – тұрғындардың азаматтық жауапкершілігінің, елдің болашағына деген қамқорлығының айқын көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.