Тарихи күнде жастар ел болашағы үшін өз таңдауын жасады

0

Бел стансасының тұрғыны рман Нұрмұхамет үшін бүгін тарихи әрі маңызды күн. Ол Конституциялық реформа аясындағы республикалық референдумда алғаш рет дауыс берді.
Тарихи күндегі таңдауында №265 референдум комиссиясының мүшелері Арманды алғашқы азаматтық қадамымен құттықтап, сый-сияпат табыстады.
Қуанышы мен қобалжығанын жасыра алмаған Арман өзі сияқты алғаш рет дауыс берген құрдастарына бұндай сәт ерекше есте қалатынын атап өтті.
«Дауыс берген адамдарға бұрын қызығатынмын. Әр адам таңдау жасап, еліміздің саяси мәні зор оқиғалардан қалыс қалмауы ерекеше сәт қой. Маған да осындай маңызды күннің келгені қуантады. Мен өзімді еліміздің дамуына үлес қосатын азамат сезіндім», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.