Үлгілі отбасы – ел болашағына бейжай қарамайды

0

Қасық ауылдық округіне қарасты Әлжан ана ауылының тұрғындары – Есімбековтар отбасы да жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауларын жасады.

Ауылға танымал, еңбекқор Есімбековтар отбасы ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығымен айналысып, округтің экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Үлгілі отбасы ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын бұл саяси науқанға қатысуды азаматтық борыш деп санайды.

Отбасы мүшелері ауылдастарына үлгі көрсетіп, референдум учаскесіне бірге келіп дауыс берді.

«Бүгін біз де өз азаматтық таңдауымызды жасадық. Отбасымызбен бірге республикалық референдумда дауыс бердік», – дейді отбасы мүшелері.

Айта кетейік, №242 референдум учаскесінде дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Бұл ауыл тұрғындарының ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық-саяси үдерістерге саналы түрде қарайтынын көрсетеді. Учаске белгіленген кестеге сәйкес өз жұмысын жалғастыруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.