Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды

0
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Цемзауыт ықшам ауданының мәдениет үйінің бірлесуімен өткізіліп, оған «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері белсенді түрде қатысты.

Шара барысында ұлттық мәдениетті танытатын арнайы көрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне байланысты бұйымдар, қолөнер туындылары, ұлттық нақыштағы жәдігерлер мен салт-дәстүрге қатысты көрнекіліктер ұсынылды. Көрмеге қойылған бұйымдар арқылы қатысушылар ата-бабадан мирас болып келе жатқан ұлттық өнер мен мәдениеттің ерекшеліктерімен танысып, оның мән-маңызы туралы кеңінен мағлұмат алды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлер туралы танымдық мәліметтермен бөлісіп, жастарға рухани құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай мазмұнды кездесулер ұлттық бірегейлікті сақтауға, жас ұрпақтың туған мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға және салт-дәстүрлерді келешек ұрпаққа жеткізуге үлкен үлес қосады.

Осындай тағылымы мол шаралар арқылы ұлттық мәдениет пен дәстүр сабақтастығын нығайтуға, жастардың рухани дүниесін байытуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.