«ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН, АҚ МОЛ БОЛСЫН!»

0

Құрметті қордайлықтар!

Тіршілік атаулы жанданып, табиғат түрлі күйге еніп, күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз құтты болсын!

Тарихи тамырын тереңнен тартқан, Шығыс халқына, барша түркі жұртына ортақ Наурыз мейрамы — ырыс пен ынтымақтың, тоқшылық пен татулықтың, береке мен бірліктің мерекесі.

Наурыз – ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырта отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтатын халықтық мереке.

Бұл күні Жаңа жылға аман-есен жеткеніне қуанған жұртшылық өкпе-реніштің бәрін ұмытып, ортақ қазанға Наурыз көже әзірлеп, бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, мәре-сәре болады. Ағаш отырғызып, егін егуді бастайды. Қыстан қысылып шыққан ағайынға қол ұшын созып, қайырымдылық көрсетеді.

2016 жылы Қазақстан мен басқа да түркі елдері бірлесіп ұсынған «Наурыз. Мерекелік дәстүр» трансұлттық номинациясы ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енгізілді.

Қазіргі таңда Наурыз жаңа сипатқа ие болды, этносаралық қарым-қатынастардың нығаюына, ұлттық салт-дәстүрлердің қайта жаңғыруына үлес қосты. Өткенімізді бағамдап, бүгінгімізді саралайтын, болашағымызды жобалайтын ерекше кезеңге айналды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласында айтылған Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын әзірлеу және көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырмасына сәйкес жаңа тұжырымдамалық тәсілдер әзірленді. Сол тұжырымдамаға сәйкес Амалдан Тазаруға дейін қордайлықтар наурыздың мейрамымен бірге жасап келеді.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге, әрбір отбасына ауызбіршілік пен ырыс-құт, молшылық пен тоқшылық әкелсін!

Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болуын тілеймін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Наурыз құтты болсын!

Бегзат БОЛАТБЕКОВ, Қордай ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.