НЕГІЗСІЗ БАЮДЫ ӨНДІРУ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖОҚ

0

Қордай аудандық сотымен талап қоюшы Н-ның жауапкер Б-дан негізсіз баю сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта талап қоюшы жауапкерден 2 546 500 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты негізсіз баю ретінде өндіруді сұрап, бұл қаражаттардың тараптар арасындағы жеке қатынастар барысында берілгенін, алайда кейін қайтарылмағанын көрсеткен.

Сот отырысында тараптардың жеке қатынаста болғаны, ал ақшалай қаражаттардың талапкер ерікті түрде, қайтарымсыз материалдық көмек (сыйлық) ретінде берілгені анықталды. Ақша қаражаттарын қайтару міндеттемесі бар шарттық қатынастардың болғанын немесе қаражаттың қарыз ретінде берілгенін растайтын дәлелдер ұсынылмаған.

Сот шешімімен Н-ның негізсіз баю сомасын өндіру туралы талабын қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қордай аудандық сотының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.