Аудандық «AMANAT» партия филиалының қолдауымен және аудандық спорт бөлімінің бірлесуімен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудан ардагерлері арасында шахмат және дойбыдан жарыс өткізілді. Бұл шара – рухани-мәдени өмірдің бір бөлшегіне айналып, ардагерлер арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтуды, сондай-ақ спорттың маңыздылығын арттыруды мақсат етіп алды.
Жарысқа аудандық партия филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов қатысып, қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде, зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету және оларға көңіл бөліп, қамқорлық жасау партияның басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Ол ардагерлердің өмірде алған тәжірибелерінің, білімінің және шеберліктерінің жастарға үлгі болуы керектігін айтты.
Турнирде шеберлікпен ойнаған ардагерлер қызықты әрі тартымды ойын өрнегін көрсетті. Әрбір қатысушы өз стратегиясын құрып, жеңіске жетуге барынша тырысты. Жарыс уақытында қарсыластарының тактикасын бағалап, жүрістерін мұқият ойластыра білді.
Есептелген ұпайлар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Оларға дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.
Бейқұт Тлебалдыұлы, жеңімпаздарды құттықтай отырып, бұл жарыстың ардагерлердің белсенділігін арттыруына және спортқа деген қызығушылықтарын оятуына үлкен ықпал ететінін атап өтті.
Жарысқа қатысқан ардагерлер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Қатысушылар осындай іс-шаралардың олардың өмірлерінде маңызды рөл атқаратынын және жастар үшін үлгі болуға септігін тигізетінін айтты.
Сонымен қатар, қатысушылар спорттық жарыс уақытында, сонымен қатар, өзара қарым-қатынастарын нығайту, жаңа таныстар табу, пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Ардагерлер бір-бірімен байланыс орнатып, болашақта да осындай шаралар арқылы кездесуге ынталы екендерін білдірді.
Әділет САТЫШЕВ