ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫ АРДАГЕР-ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ҮНДЕУІ

0

Құрметті ел ағалары, аналар, кәсіпкерлер, жастар!

Әлемнің басына түскен сынақ Қазақстанды да айналып өтпеді. Күдік пен үміт таразыға түсіп тұр. Қиын-қыстау жағдайда елімізге, жанұямызға, балаларымызға, немерелерімізге қатер төнген кезде ел болып індетке қарсы тұруға шақырамыз!

Бүгінгі таңда Израиль, Германия мемлекеттері вакцина салдыруды аяқтады деуге болады. Қазір 12-18 жастағы балаларға вакцина салуды бастап кетті. Бұл індетті 2023 жылдың алғашқы жартысында дүниежүзі болып жеңеміз деген жағымды хабар бар.

Қазір көңілді басқаға аударатын уақыт жоқ. Бұрынғы тірлігімізге көшуді ойлауымыз керек. Дәл қазір қалай болады, не боламыз – деген жағдайда тұрмыз. Сондықтан ел болып осы індетті тоқтатуға әрқайсымыз атсалысатын уақыт келді.

Түсініңіздер, дәрігерлер жанайқайын айта бермейді, дәрігерлер дүрбелең жасамай салқынқандылық танытып өз жұмыстарын атқаруда.

Біздер, ардагер дәрігерлер сырттан қарап бақылаушы болып отыра алмадық, әрине, сабыр сақтап күнделікті әлеуметтік желіде, туған туыстардың жағдайы қалай, өзіміздің ауруханаларда жағдай қалай, кезінде бірге оқыған әріптестерде не жағдай болып жатқанын біліп, бөлісіп отырдық. Енді онды-солды ажыратып болдық, барлығы айдан анық түсінікті болды, вакцина салдыру керек.

Елімізде осы жылдың қазан-қараша айларында 12-18 жас балаларға вакцина салу басталады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тікелей бұйрығымен арнайы балаларға деп елімізге Pfizer вакцинасы жеткізілді. Бұл жаңалықты сіздерге көпшілікке арнайы айтып отырмыз. Неге деген сұрақ туындайды? Әр ата-ана балалардың болашағы үшін саналы түрде балаларға вакцина салдыруға дайын болуы керек. Тағы да кешігіп қалмауымыз керек. Індет жоқ деп бір кеш қалдық, вакцинаға сенбей екі кешіктік. Ағайын, енді бос сөзді доғарайық, есімізді жиып, бірге болайық!

Айта кетейін, вирусолог-ғалымдардың болжауы бойынша ешқандай вакцинаға бой бермейтін вирустың шығуы мүмкін. Бетін аулақ қылсын! Адамзатқа бір Алланың көзі түзу болып, қазіргі вакциналар дәлелді түрде коронавирусқа қарсы оң нәтижесін беруде, оған көзіміз жетіп отыр.

Біздің бұл үндеуімізді толық қолдайсыздар, оған күмәніміз жоқ! Осы үндеу сенімді, дәлелді болу үшін айтарымыз зейнет жасындағы ардагер дәрігерлердің барлығы вакцина салдырды!

 

Сәтбек Саламатов,

Қордай ауданының Құрметті азаматы

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.