ҚҰРМЕТТІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР!

0

Жамбыл облысында «Кәсіпкердің күші – адалдықта, тұтынушының қорғаны – фискалдық чекте» атты бірегей жоба іске қосылды. Бұл жоба өңірдегі адал кәсіпкерлікті ынталандыруға және бизнесті заңдастыруға бағытталған.

Жобаның негізгі мақсаты – бизнесті көлеңкеден шығару, салық мәдениетін арттыру және адал кәсіпкерлікті дамыту. Көлеңкелі экономика бюджетке түсетін түсімдердің азаюына және өңірдің дамуының тежелуіне әкеледі.

Шағын бизнес саласында жиі кездесетін заң бұзушылықтар:

  • жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей қызмет атқару;
  • нақты табысты және жалдамалы жұмыскерлерді жасыру;
  • онлайн бақылау-кассалық машиналарды қолданудан және әлеуметтік төлемдерді төлеуден жалтару.

Аталған жоба әрбір чек маңызды екенін түсіндіретін жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады.

Жоба басталғалы бері оң нәтижелер байқалуда: 88 жаңа жеке кәсіпкер тіркелді, 168 жалдамалы жұмыскер заңдастырылды, жеке табыс салығы бойынша түсімдер 32%-ға артты.

«Кәсіпкердің күші – адалдықта» жобасы – өңіріміздің ашық, тұрақты әрі заманауи экономикасын қалыптастыруға бастайтын маңызды қадам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.