9 сәуір күні Қордай ауылының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Қордай аудандық жедел штабының ұйымдастыруымен арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараға ауданның құқық қорғау, арнайы және мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қауіптерге қарсы әрекет ету барысында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, сондай-ақ күштер мен құралдардың дайындығын пысықтау. Қатысушылар түрлі шартты жағдайлар бойынша әрекет етіп, жедел шешім қабылдау мен үйлесімді жұмысты тәжірибе жүзінде көрсетті.
Аталған оқу-жаттығу аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады. Оқу-жаттығу шарасында қатысушы құрылымдардың өзара үйлесімді іс-қимылы мен жедел әрекет ету деңгейі жетілдірілді.