СЕРГЕК ҚОҒАМҒА БАСТАР ЖОЛ

0

Қордай ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы барлық ауылдық округтерде белсенді түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама бүгінде тек аудан көлемінде ғана емес, жалпы облыс аумағында кеңінен қолға алынып, оң нәтижесін көрсетуде.

Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тұрмыстық қылмыстардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті нығайту. Осы бағытта жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау мекемелері және дін өкілдері бірлесе отырып, халық арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Кездесулер мен профилактикалық іс-шаралар барысында алкогольдің зияны, отбасы құндылықтарын сақтау, ұрпақ тәрбиесі және қоғамдағы жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілуде. Нәтижесінде, бірқатар елді мекендердің тұрғындары спирттік ішімдіктерді сатудан және тұтынудан өз еркімен бас тартып, бұл өз кезегінде қылмыс деңгейінің төмендеуіне, халық денсаулығының жақсаруына және қоғамдық тәртіптің нығаюына оң әсерін тигізуде.

Бүгінде мұндай игі бастамалардың қатары артып, «Ішімдіксіз ауыл» жобасы өңірде сергек әрі қауіпсіз қоғам қалыптастырудың тиімді құралына айналып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.