Соңғы жылдары табиғи құбылыстардың жиілеуі, соның ішінде нөсер жауындардың көбеюі сел қаупін арттырып отыр. Әсіресе таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда бұл жағдай адам өміріне, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға үлкен қауіп төндіреді.
Сел – қатты жауын-шашынның әсерінен тау беткейлерінен төмен қарай ағатын су, лай, тас және басқа да қоспалардың жойқын ағыны. Ол өте қысқа уақыт ішінде пайда болып, үлкен жылдамдықпен қозғалады.
НӨСЕР ЖАУЫННЫҢ ҚАУІПТІ САЛДАРЫ:
– Өзендер мен арықтардың тасуы
– Жердің шайылуы
– Сел жүру қаупінің артуы
– Жолдардың бұзылуы
– Тұрғын үйлерді су басуы
СЕЛДІҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ:
– Ұзақ және қатты нөсер жауын
– Таудағы қар мен мұздың күрт еруі
– Өзен арналарының бітелуі
– Орман-тоғайлардың азаюы
– Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз
СЕЛ КЕЗІНДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК:
– Дереу биік, қауіпсіз жерге көтерілу
– Ағын су бағытына қарсы қозғалу
– Электр құрылғыларын сөндіру
– Құтқару қызметінің нұсқауын орындау
Қорытынды: Нөсер жауын мен сел – қауіпті табиғи құбылыс. Бірақ қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы көптеген қауіптің алдын алуға болады.
Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі