ОЙЛАНУДЫ ҰМЫТПАЙЫҚ!

0

Әрбір әріптен сөз, әрбір сөзден сөйлем, ал сөйлемнен ой туады. Сол ойлар ғасырлар бойы кітап беттерінде сақталып келді. Кітап іздеп, кітапхана табалдырығын тоздырған уақыт бір кездері білімнің жалғыз жолы еді.

Бүгінгі күні сол жол өзгерді. Ақпарат бір сәтте қолжетімді, іздеу бір батырмамен шешіледі. Жасанды интеллект сол өзгерістің ең айқын көрінісі. Ол тек құрал ғана емес, кейде адамның орнына ойлап, жауап беретін жүйеге айналып барады.

Бірақ дайын жауапқа үйренген сана, дайын ойға сүйенген буын шынымен дамып жатыр ма, әлде тек жылдамдап бара ма?

бұл сұрақ ашық күйінде қалады.

Жасанды интеллект-бүгінгі заманның жаңа құралы, ойға серік болған технология, адам қиялының жаңа көлеңкесіне айналды!

Әрбір әріптен сөз, әрбір сөзден сөйлем, ал сөйлемнен ой туады. Сол ойлар ғасырлар бойы сақталып келіп, іріктеліп жасанды интелект өзімізге шығарып жүр десе болады. Бірақ бір жағынан кітап іздеп, кітапхана табылдырығын тоздырған жол нағыз білімнің ізденісі еді.

Бұрын адамдар білімді кітаптан іздейтін. Кітап оқып, керек ақпаратты табу көп уақыт алатын.

Қазір заман өзгерді. Ақпаратты бір сәтте телефоннан немесе компьютерден табуға болады. Жасанды интеллект те осы өзгерістің бір бөлігі. Ол сұраққа жауап беріп, мәтін жазуға да көмектеседі.

Бірақ осы жерде бір сұрақ туады: адамдар дайын жауапқа үйреніп кетпей ме? Шынымен ойланып үйреніп жатыр ма, әлде тек дайын ақпаратты алып жүр ме?

Мені ойландыратын бірақ басқалардың ойына да кіріп шықпайтын қатарластырымның жағдайынан шығып отырған ойым осы: көп жастар жасанды интеллекттің қалай жұмыс істейтінін білмей қолданады. Көпшілігі тек дайын жауабын көреді, ал оның артында күрделі жүйе, код пен есептеу бар екенін ойлай бермейді.

Мысалы: мына әрбір сөз әріпке бөлініп одан ары сан ретінде компьютер түсінетін “санды” түрге айналады.

Яғни цифрлы әлемге еніп өңделіп барып, қайтадан сол циклмен біз түсінетін тілге айналады. Бірақ оны түсінбей қолдану тек сыртқы жағын ғана көру деген сөз.

Егер адам тек дайын жауапқа сүйеніп үйренсе, ол өз бетімен ойлау қабілетін азайтып алуы мүмкін, сол кезде шын ақпарат пен қате ақпаратты ажырату да қиындайды.

Сондықтан жасанды интеллектті тек қолдану емес, оны түсініп қолдану да маңызды. Ол адамға көмекші құрал болуы керек, ал адам өз ойлауын жоғалтпауы тиіс. Себебі адамды жануардан ажыратып тұрған ерекше қасиет “ойлану”

Ерсұлтан ЖҰМАБАЕВ, 11 сынып оқушысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.