🩺 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ
Саулық – байлық негізі. Адам жанына араша түсіп, науқасқа мейірім мен қамқорлық сыйлайтын жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. 12 мамыр – әлем бойынша медбикелер күні осы ақ халатты абзал жандарға алғыс айтатын ерекше күн.
Қордай аудандық орталық ауруханасында еңбек ететін учаскелік медбике Айнұр Иманжан – өз ісіне адал мамандардың бірі. Ол күн сайын науқастардың жағдайын бақылап, қажетті медициналық көмекті көрсетіп, халық денсаулығы жолында аянбай еңбек етіп келеді.
«Әр науқастың денсаулығы мен үшін маңызды» деген ұстанымды серік еткен жас маман жауапкершілігі мол қызметті абыроймен атқаруда. Медбике мамандығы – тек білім мен тәжірибені ғана емес, мейірім мен төзімділікті талап ететін ерекше сала.