«Қауіпсіз отбасы — бақытты болашақ кепілі»
«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында “Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы” КММ-ң ұйымдастыруымен Қордай аудандық мемлекеттік архивінің мәжіліс залында “Қауіпсіз отбасы- бақытты болашақ кепілі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға аудандық әйелдер қанатының төрайымы Қарлығаш Қыпшақбаева, Аманат партиясының депутаты, “Ахыска” этномәдени бірлестігінің жетекшісі Камила Дургалова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аналар және әкелер кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері, отбасын қолдау орталығының мамандары, АПБ тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес тобының қызметкерлері және сала мамандары қатысты.
Кездесу барысында отбасылық құндылықтарды насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету мәселелері кеңінен талқыланды. Қатысушылар қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Жиын соңында “Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы” КММ-ң директоры Шынаркүл Бейсенбаева іс-шараны қорытындылай келе, осы бағыттағы белсенді еңбегі үшін бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.