🇰🇿 Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақтар беру тәртібі өзгерді 🎓⭐️
19 мамырда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. 📄✍️
Осы заңды жүзеге асыру мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына толықтырулар әзірленді. Бұл өзгерістер оқуын тәмамдаған курсанттарға әскери атақ беру тәртібіне қатысты болып отыр.
Қазақстанның және шет мемлекеттердің әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанын үздік бітірген түлектерге 🎖️ бұдан былай «аға лейтенант» әскери атағы беріледі. Сонымен қатар, 📌 оларға қызмет орнын өз қалауы бойынша таңдау құқығы берілмек.
Қазақстанда әскери жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерге әскери атақтар беру тәртібі өзгерді
Prev Post