МАЛ ИЕЛЕРІ НАЗАРЫНА!

0

Алматы магистральдық желі бөлімшесінің филиалы «Алматы жол дистанциясы» мекемесінің мәліметі бойынша кейінгі кездері адам таситын жүйрік пойыздардың ауыл шаруашылығы малдарының шойын жолға шығып кету кесірінен шұғыл тоқтау оқиғалары жиі кездесуде.
Мысалы, 2021 жылдын 8 айында Алматы-Отар учаскесінде пойыздар 46 рет аяқ асты тоқтауға мәжбүр болып, оның ішінде 15 оқиғада ірі-қара малмен соқтығысқан. Бұл келтірілген бір мысал ғана, ал шындығында пойыздардың малдарды қағу оқиғалары анағұрлым жиі кездесіп, локомативті миллиондаған шығынға ұшыратуда. Сондықтан пойыздардың қауіпсіз жүруіне жағдай жасау үшін шойын жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына малдарды қараусыз қалдырмауды сұраймыз.
Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы «16» наурыздағы №03-08 шешімімен бекітілген «Қордай ауданының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау» Қағидаларының жалпы Ережелерінде көрсетілгендей көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, темір жол және автомобиль жолдары иелігіндегі аймақтарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, сондай-ақ басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға жол берілмейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бағуды ұйымдастыру үшін жергілікті қоғамдастық жиынының хаттамасы негізінде село, ауыл, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады және елді мекен жерлерінде жеке сектордың ауыл шаруашылығы малдарын бағуды ұйымдастырады. Жауапкершілікпен қарап, заңда көрсетілген талаптарды орындау әр Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Осы орайда темір жол аумағында орналасқан ауылдық округ әкімдігінен жер- жерлерде осындай оқиғалардың алдын алу бағытында халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді сұраймыз.

Қордай ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.