ҚАУІПСІЗ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ!

0

Жылыту маусымына дайындық шаралары басталды. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Жыл сайын өрт қауіпті кезең аяқталғаннан кейін жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталады. Жылыту маусымында тұрғын үйлер мен пәтерлерде тұрмыстық өрттердің көбейетіні байқалады. Олардың негізгі себептерінің бірі – жылыту жүйелері мен пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, пеш жүйелерінің ақаулығы, электр желілеріне шамадан тыс күш түсуі және тұрғындардың қауіпсіздік шараларына немқұрайлы қарауы.

Сондықтан өрт сияқты тілсіз жаудың алдын алуды ертерек бастап, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет, дейді мамандар.

Пешті пайдалану кезінде жанып тұрған пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ кішкентай балаларға пешті бақылауды тапсыруға,

отынды, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдына жақын орналастыруға болмайтыны ескертуде.

Өрт немесе жану оқиғасы орын алған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарлап, адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға және мүмкіндігінше өртті алғашқы құралдармен сөндіруге шаралар қабылдау қажет.

Өз баспаналарыңыздың қауіпсіздігі мен амандығы, ең алдымен, өздеріңізге байланысты екенін ұмытпаңыздар, дейді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.