Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

0

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌 Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар» өзектендірілді. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжат алты бағыт бойынша 59 іс-шараны қамтиды және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сапалы жұмыс орындарын құруға және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған.

«Жаңа жоспар 2022 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның орнын алмастырады және экономиканың ағымдағы сын-қатерлерін де, адами капиталды дамыту және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді міндеттерді де ескереді. Өңірлік нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу тетігін күшейту үшін әкімдіктер халықтың табысын арттырудың өңірлік бағдарламаларын әзірледі»,
— деді Азамат Әмрин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.