Қабылданған түзетулер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 15 тамызда өткен Тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

0

Қабылданған түзетулер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 15 тамызда өткен Тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді. Өзгерістер педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге, оларды кәсіби қызметіне қатысы жоқ міндеттерге тартуға жол бермеуге, әкімшілік жүктемені азайтуға және білім беру саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Жаңа нормаларға сәйкес педагогтердің, мектептер мен өзге де білім беру ұйымдары басшылығының білім алушылар үшін жауапкершілігі тек кәсіби міндеттерін орындау кезеңімен, яғни білім беру процесі уақытында ғана шектеледі. Сонымен қатар баланың денсаулығы, өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі нақтыланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.