«Балауса» балалар сауықтыру лагерінде жазғы маусым басталды!

0

«Балауса» балалар сауықтыру лагерінде жазғы маусым басталды!

Қордай ауданындағы «Балауса» балалар сауықтыру лагері алғашқы демалушыларын қабылдап, жазғы демалыс маусымының шымылдығын салтанатты түрде ашты.

Лагерьде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалуына барлық жағдай жасалған. Жаз бойы оларды спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, танымдық кездесулер және түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар күтеді.

Биыл лагерьде 1500-ге жуық бала бес ауысым бойынша демалып, арнайы әзірленген бағдарламаларға қатысады. Әр ауысым балалардың қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қордай ауданы әкімінің орынбасары Нұрболат Сатымқұл қатысып, бүлдіршіндерді жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, оларға көтеріңкі көңіл күй, жарқын әсерлер мен жаңа достар тіледі.

Балалардың шат күлкісі мен қуанышқа толы сәттері жаз бойы жалғассын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.