Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ғылым туралы түсінік тар аяда қалыптасты. Көпшілік ғылымды университет қабырғасындағы зертханалармен, ғылыми конференциялармен және күрделі терминдермен байланыстырып келді.

0

Ұзақ жылдар бойы Қазақстанда ғылым туралы түсінік тар аяда қалыптасты. Көпшілік ғылымды университет қабырғасындағы зертханалармен, ғылыми конференциялармен және күрделі терминдермен байланыстырып келді. Соның салдарынан қарапайым тұрғындар ғылымды күнделікті өмірден алыс, тек ғалымдарға ғана қажет сала ретінде қабылдады. Алайда қазіргі әлемдік тәжірибе мүлде басқа шындықты көрсетіп отыр. Бүгінде ғылым елдердің ғана емес, өңірлердің де бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі факторға айналды. Осы тұрғыдан алғанда Жамбыл облысы үшін ғылымды жаңа деңгейге көтеру мәселесі бұрынғыдан да маңызды бола түсті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.