Гвардейск гарнизонындағы 30212 әскери бөлімінде отбасы мәселелеріне арналған онкүндік аясында іс-шара ұйымдастырылды.
Шара барысында «Қаржылық сауаттылықтың негіздері» тақырыбы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Яғни отбасындағы проблемалар, оларды шешу туралы айтылды. Мотоатқыштар әскерлеріндегі әскери мектептің психологы гвардия сержанты Зура Сабанбаева отбасы тәрбиесі, отбасындағы тәрбиенің адам өміріндегі алатын орны туралы сондай-ақ, отбасында жеке және отбасылық шиеленістердің орын алуына жол бермеу бойынша алдын алу жұмыстарды айтып өтті.
Сонымен қатар онкүндік аясында басқа да тақырыптар қамтылды. Әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Ерлан Нұрәлин әскери қызметшілердің арасында жеке автокөлікті жүргізу барысында орын алып жатқан әкімшілік құқық бұзушылықтарды айтып, алдағы уақытта оны болдырмау үшін шара қолданылатынын айтты.
Онкүндік шеңберіндегі шаралар кезінде Жуырда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1-ші қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауының әскерге қатысты бөлігі жеткізілді. Сондай-ақ шара соңында отбасы құрамымен психологиялық тренингтер өткізілді.
Әскери бөлімде алдын алу іс-шаралары жиі өткізіліп тұрады. Онкүндік аясында өткізілген шараның мақсаты жеке және отбасылық шиеленістердің алдын алуға бағытталды. Мұндай алдын алу іс-шаралардың болуы әскери қызметшілердің қызметтері мен отбасыларына берер пайдасы мол, — деді әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары гвардия подполковнигі Ерлан Нұрәлин.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі