Артиллеристер штаттық оқ атуды орындады

0

Гвардейск гарнизонындағы 30212 әскери бөлімінде артиллерия әскерлері әскери мектебінің жеке құрамы штаттық снарядпен оқ атуды жүргізді.

Әскери бөлімнің кіші мамандар даярлайтын Артиллерия әскерлері әскери мектебінің курсанттары 122 мм Д-30 зеңбірегі мен 120 мм 2Б11 минаатқышынан тапсырманы іс-жүзінде орындады. Іс жүргізу сабағында барлық есептоп жеке құрамы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, оқ-атуды жаттығудың шарттарына сәйкес жүргізді. Ату сабағында жеке құрам білімдерін шыңдап, дағдыларын арттырды.
Бүгін біз 122 мм Д-30 зеңбірегінен және 120 мм 2Б11 минаатқышынан тапсырма орындадық. Жиынтық есептоп құрамы қойылған тапсырманы жақсы орындады. Жауынгерлік тапсырманы сәтті орындау есептоп құрамының білімділігі мен ұйымшылдығы деп санаймын. Олардың әрқайсысы міндеттері мен іс-әрекеттерін жақсы біледі. Жауынгерлік атыстың сәтті орындалуы мен жақсы нәтижесі жеке құрамның білімі мен тәжірибесінің негізі болып табылады, — деді 2-ші оқу-жаттығу батарея командирі ұлан майоры Еркебұлан Сайлауов.
Айтулы әскери бөлімде оқу-тәрбие жоспарына сәйкес жауынгерлік дайындық сабақтары тиісті деңгейде жүргізіліп келеді. Оқу процесі барысында әдістемелік құралдар тиісінше пайдаланылып, курсанттардың тәртібі мен білім сапасына жақсы көңіл аударылады.
Әскери бөлімде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін айқындайтын мамандар даярланады.
Оқу процесі аяқталған соң курсанттар кіші маман сертификатын алып, Құрлық әскерлерінің жауынгерлік әскери бөлімдерінде әскери қызметтерін жалғастыратын болады.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.