Кез келген үлкен жетістік пен ұлы бастама арманнан басталады. Қордай ауданының Көктөбе ауылындағы Абдралиевтар отбасының кәсібі – соның жарқын дәлелі, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Халқының басым бөлігі ежелден мал және егін шаруашылығымен айналысатын Қордай ауданында соңғы жылдары ауыл шаруашылығының жаңа бағыттары қарқынды дамып келеді. Соның бірі – жылыжай шаруашылығы. Бұл сала бүгінде ауыл тұрғындары үшін қосымша табыс көзіне ғана емес, тұрақты әрі болашағы зор кәсіпке айналуда.
Көктөбе ауылының тұрғыны Дүйсен Абдралиев небәрі үш гектар жер телімін тиімді пайдаланып, заманауи жылыжай шаруашылығын жолға қойған. Бүгінде мұнда қияр, қызанақ, құлпынай өсірілуде. Еңбек пен табандылықтың нәтижесінде өндірілген өнімдер табиғилығымен, жоғары сапасымен және ерекше дәмімен ерекшеленеді.