Ерлік сабағы

0

Гвардейск гарнизонында инженерлік-саперлік полктің әскери қызметшілері Бауыржан Момышұлы атындағы 43-ші орта мектептің оқушыларына ерлік сабағын өткізді.
Отансүйгіштік – рухтың аса бір қасиетті тірегі. Ел намысын қорғайтын жастарды патриотизмге тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі.
Ерлік сабағының мақсаты оқушыларды Отансүйгіштікке, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне деген патриоттық сезімін оятуға және рухани тәрбие беруге бағытталды.
Сабақ барысында Ұлы Отан соғысы жылдардағы қазақ елінің жағдайы мен батыр бабаларымыздың ерліктері жайлы айтылып, бейбіт өмірдің мәні мен тәуелсіздіктің қадірі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар қазіргі кездегі әскери тәртіп пен әскери өмірдің қыр-сыры, әскери қызметшілердің атқаратын қызметі мен әскери атақ туралы түсіндіріліп, мектеп түлектерінің әскери оқу орындарына оқуға түсу тәртібі жеткізілді.
Шараға Ауған соғысының ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Таласбай Терлікбаев қатысып, рухты сөздер айтып, жас өрендерді елін, жерін қастерлеуге шақырды.
Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Оқушылардың көкейіне осындай іс-әрекеттермен ой сала білсек, елге адал қызмет ететін нағыз патриоттарды тәрбиелейміз, — деді батальон командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары аға лейтенант Жасұлан Жанболат.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.