Мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі – жол инфрақұрылымын дамыту және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.
Осы мақсатта Қордай ауданы әкімінің тапсырмасына сәйкес Масаншы ауылында ауылішілік жолдарды жақсарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биыл елді мекенде жалпы ұзындығы 3146 метрді құрайтын бес көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жөнделетін көшелер қатарына Сарыарқа, Береговая, Думан, Ақтерек және Болашақ көшелері енгізілген.
Қазіргі таңда Сарыарқа және Болашақ көшелеріндегі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Бұл ауыл тұрғындары үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Мамандардың айтуынша, қалған көшелердегі жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр және белгіленген мерзімде аяқталады.