«Ішімдіксіз ауыл» акциясы – қоғам денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды бастама. Мұндай шаралар тұрғындардың, әсіресе жастардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп, зиянды әдеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі қоғамдық тәртіпті сақтауға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға оң әсерін тигізеді.
Аталған акция Қордай ауданында жүйелі түрде және мықтап қолға алынуда. Аудан көлемінде салауатты өмір салтын насихаттау, алкоголь өнімдерін тұтынудың алдын алу және тұрғындар арасында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Осындай игі бастамалар ауылдағы тыныштық пен берекені арттырып, тұрғындардың қауіпсіз әрі салауатты ортада өмір сүруіне негіз қалайды. Акцияның нәтижелі жалғасуына тілектеспіз.