«Халықтар достығы – бірлігіміздің жарқын көрінісі»

0

Степной ауылының мәдениет үйінде «Халықтар достығы – бірлігіміздің жарқын көрінісі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Степной ауылдық округі әкімінің орынбасары И. Шуйшибекова қатысып, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықтың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында қатысушылар ел бірлігін нығайту, жас ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық келісімді сақтау және көпұлтты өңіріміздегі достық қарым-қатынасты дамыту мәселелерін талқылап, өзара пікір алмасты.

Татулық пен бірлік – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Ел іргесі аман, ынтымағымыз әрдайым бекем болсын!ә

Leave A Reply

Your email address will not be published.