Тазалық пен тәртіп – ортақ жауапкершілік

0

«Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қасық ауылдық округінде рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шара барысында елді мекен аумағындағы санитарлық тазалықтың сақталуы, қоғамдық тәртіптің қамтамасыз етілуі және абаттандыру талаптарының орындалуы бақылауға алынды. Тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және заң талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай шаралар тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.