Масанчи ауылдық округінде Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында ақпараттық жадынамалар таратылды. Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрттің алдын алу шаралары және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Аталған іс-шара тұрғындардың өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, азаматтардың жауапкершілігін күшейтуге және өрттің алдын алуға бағытталды.